1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Central Asia Fintech Summit 2025: финсектор мен финтех компаниялар цифрлық трансформация жобаларын талқылайды

Ұлттық Банк Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясымен және Kazakhstan Fintech Network-пен бірлесіп Central Asia Fintech Summit 2025 (CAFS 2025) өткізілетінін хабарлайды.

13-14 қараша күндері Алматыда өтетін CAFS 2025 қаржы технологиялары саласындағы үрдістер мен күрмеуі қиын мәселелерді талқылайтын аймақтағы басты алаңға айналмақ. Бағдарлама аясында пленарлық сессиялар, панельдік пікірталастар, сарапшылар бас қосуы мен цифрлық қаржы саласындағы инновациялық шешімдердің тұсаукесері өтеді деп жоспарланып отыр.

Іс-шараның мақсаты – қаржы технологияларының өңірлік орталығы ретінде Қазақстанның ұстанымын нығайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және реттеушілер, қаржы ұйымдары мен технологиялық компаниялар арасында үздік тәжірибелерді ортаға салу.

Қатысуға орталық банктердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, финтех-компаниялардың және БАҚ өкілдері шақырылды.

Ұлттық Банк іс-шараның басты серіктесі ретінде рөл атқарады. Онда қаржы секторын стратегиялық тұрғыда дамыту, цифрлық трансформация және инновацияларды енгізу мәселелері талқыланады.

Бағдарлама, спикерлер, қатысу және тіркеу шарттары туралы толық ақпаратты іс-шараның ресми сайтынан алуға болады: centralasiafintech.kz.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға