1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк АҚШ-тың бизнес және қаржы секторының өкілдерімен өткен дөңгелек үстелге қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өткен АҚШ-тың бизнес және қаржы секторының өкілдерімен өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бағыттары талқыланды. Оған 60-тан астам жетекші қаржы ұйымдары мен инвестициялық банктердің, ірі институционалдық инвесторлардың, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, білім беру, энергетика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен мен квазимемлекеттік сектор саласындағы халықаралық компаниялардың бірінші басшылары қатысты.

Іс-шара аясында Ұлттық Банк өкілдері халықаралық қаржы ұйымдарымен, соның ішінде Goldman Sachs, Citigroup, Cerberus Capital Management және Blackstone компанияларымен екіжақты келіссөз жүргізді. Кездесуде инвестицияға байланысты ынтымақтастық бағыттары, жасанды интеллект пен қаржы экожүйесін цифрландыру саласындағы жобаларды дамыту, сондай-ақ ұлттық қаржы нарығын дамыту бағытында Қазақстан іске асырған бастамалар   талқыланды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттарын, нақтырақ айтқанда инвестиция тарту мен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық трансформация, «жасыл» экономикаға көшу мен тұрақты өсуді қамтамасыз ету сияқты мәселелерді қарастырды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға