1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кейбір коллекциялық монеталарды кассадан алып кету мүмкіндігі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінде сатылатын бірқатар коллекциялық монетаны 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап кассадан алып кетуге болатынын хабарлайды.

Сатып алушылар монетаны алудың өзіне ыңғайлы әдісін, яғни көрсетілген мекенжайға жеткізуді немесе ҚҰБ-тың аумақтық филиалынан алып кетуді таңдай алады.

Бұл қағиданың жаңадан шыққан монеталарға қатысы жоқ екенін ескертеміз. Қазіргі тәртіпке сәйкес, тек салмағы ауыр және аса құнды жаңадан шыққан монеталарды кассадан алып кету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл монетаны жеткізу кезінде зақымдап немесе жоғалтып алудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мына коллекциялық монеталарды кассадан алып кету әдісі арқылы сатып алуға болады:

«JETI QAZYNA» блистер жиынтығы

Блистер жиынтығы номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған бір JETI QAZYNA коллекциялық монетасынан және номиналы 100 теңгелік brilliant uncirculated сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы ER JIGIT, SULÝ ÁIEL, QUMAI TAZY, AQYL BILIM, BEREN MYLTYQ, JÚIRIK AT, QYRAN BÚRKIT монетасынан тұрады.

Блистер қаптамасындағы TILASHAR монетасы

«Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» айналыстағы монеталарының кәдесый блистер жиынтығы

Кәдесый блистер жиынтығында ұлттық валютаның айналыстағы монеталары жинақталған.

«Сақ стилі» кәдесый блистер жиынтығы

«Сақ стилі» кәдесый блистер жиынтығында номиналы – 100 теңге, массасы – 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм болатын uncirculated дайындау сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан жасалған биколорлы айналыстағы монеталардың бес түрі бар.

Блистер қаптамасындағы MUHTAR AYEZOV. 125 JYL монетасы

Блистер қаптамасындағы AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL монетасы

Блистер қаптамасындағы TOGYZQUMALAQ монетасы

Жеке қораптағы TÚIE монетасы



Монетаның номиналы – 200 теңге, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, brilliant uncirculated сапасында мельхиор (МН 25) қоспасынан жасалған.

Блистер қаптамасындағы TÚIE монетасы

Блистер қаптамасындағы ASTANA. 25 JYL монетасы

Блистер қаптамасындағы BALQASH ALABUGASY монетасы

«Қар барысы» кәдесый блистер жиынтығы

«Қар барысы» кәдесый блистер жиынтығында ұлттық валютаның айналыстағы монеталары жинақталған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға