Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің БЖЗҚ активтерін басқару шеңберінде инвестициялық құралдар тізбесін кеңейту жөніндегі қаулының жобасы әзірленді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында әзірленді және Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейтуді көздейді. Көрсетілген тізімге балама құралдар, арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктің (Special Purpose Vehicle) акциялары мен үлестері және бағалы қағаздарды кепіл арқылы қарызға беру операциялары (Securities Lending) сияқты қосымша инвестициялау құралдарын қосу жоспарлануда.
Балама инвестициялар – бұл жеке капитал қорлары (private equity), инфрақұрылым және жылжымайтын мүлік қорлары және хедж-қорлар сияқты дәстүрлі емес қаржы құралдарына салынған инвестициялар кіреді. Бұл активтер жоғары кірістілік әлеуетіне ие және тәуекелдерді әртараптандыруға ықпал етеді.
Арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктің акциялары мен үлестерін арнайы мақсаттағы компанияларға (SPV) инвестициялау үшін пайдалану көзделеді. Олар белгілі бір тапсырма үшін жасалады, мысалы, жобаға немесе активке инвестиция салу үшін.
Бағалы қағаздарды кепіл арқылы қарызға беру операциялары берiлген бағалы қағаздарды мiндеттi түрде қайтару немесе олардың құнын өтеу талабы бойынша жүзеге асырылады. Қарыз алушы бағалы қағаздарды пайдаланғаны үшін комиссия төлейді, сондай-ақ басқа бағалы қағаздар мен ақшалай қаражат түрінде қамтамасыз етуді ұсынады.
Жаңа құралдар БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық профиліне сәйкес келеді және олардың ұзақ мерзімді сипаты мен рұқсат етілген жалпы тәуекел деңгейін ескереді. Аталған құралдар зейнетақы жинақтарының узақ мерзімді перспективада табысын арттыруға бағытталған.
Қаулы жобасы бойынша ақпараттық кестемен және құжаттың негізгі мазмұнымен Ашық НҚА порталында танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz