ІБИ: іскерлік белсенділік өндірісте біршама жақсарды
2025 жылдың тамыз айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2025 жылдың тамыз айында іскерлік белсенділік баяулап, 51,1 (шілдеде – 51,5) болды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бері оң аймақта тұр.
Өндірісте іскерлік белсенділік индексі 53,8-ге дейін (шілдедегі 51,9-дан) көтеріліп, біршама жақсарды. Қызмет көрсету және сауда саласында белсенділік аздап баяулағанымен, индикаторлар тиісінше 51,4-ті және 51,3-ті (шілдеде – 52,3 және 52,9) құрап, оң аймақта қалды. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ – индекс тиісінше 47,9 және 48,2 (шілдеде – 47,5 және 48,4).

Бизнес жүргіздің қазіргі жағдайын бағалау көрсеткіші жақсарғандықтан, 2025 жылғы тамызда бизнес-ахуал индексі (БАИ) 11,9 болып, аздап жоғарылады. Бұл ретте болашақ жағдайларға қатысты оптимизмнің аздап төмендегені байқалды, жалпы көрсеткіш оң деп бағаланып отыр. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аясында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, оларың өніміне/көрсетілетін қызметіне сұраныс өсті. Ең жоғары сұраныс өндіріс секторында тіркелді.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz