Ұлттық Банк 2025 жылдың тамыз айына арналған ақша-кредит саясаты туралы баяндаманы жариялады
Ұлттық Банк «Тамыз 2025. Ақша-кредит саясаты туралы баяндаманы» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары, 2027 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарий бойынша макроэкономикалық даму серпіні ұсынылған.
Сондай-ақ, құжатта төлем балансының ағымдағы шотының болжамы, қазіргі макроэкономикалық жағдай және ақша, валюта және қаржы нарығындағы ахуал бойынша деректер қамтылған.
Сонымен қатар, баяндамаға өсімнің нео-классикалық моделі мен өндірістік бағалардың азық-түлік инфляциясына әсерін бағалау тақырыптарына арналған бокстар енгізілген. Жеке бокста экономиканың құрылымдық ерекшеліктері, мемлекеттік қолдау шаралары, салалық ерекшеліктер және басқа да бизнеске берілетін кредиттердің ЖІӨ-ге қатынасы динамикасына әсер ететін факторлар ұсынылып отыр.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz