Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 22-23 наурыз күні ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюта нарығы туралы ақпараттық хабарлама

Тамыз айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 538,60 теңгеге дейін 0,4%-ке нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 260 млн АҚШ долларынан 217 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Тамызда Ұлттық қордан 420 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу жөніндегі инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордың сату үлесі жалпы сауда көлемінің 9%-ын немесе күніне шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрады.

Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған алдын ала болжамды өтінімдері бойынша қыркүйекте Ұлттық Банктің Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500  млн АҚШ долларына дейін валюта сататыны күтіледі.

«Айналау» операциясы аясында тамызда 290 млрд теңге алынды. Қыркүйек айында осы мақсатта шамамен 290 млрд теңге баламасында валюта сату жоспарланып отыр.

Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу, сондай-ақ «айналау» тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, ол шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.

Ұлттық Банк тамыз айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында өткен айдың қорытындысы бойынша валюталық түсімді сату көлемі шамамен 366 млн АҚШ долларын құрады.

БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесі осыған дейінгі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескере отырып, Ұлттық Банк тамызда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. Қыркүйекте де валюта сатып алу жоспарланбайды.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операция туралы толық ақпаратты жариялап отырады. Қысқамерзімді перспективада теңге бағамының динамикасы нарыққа қатысушылардың күтуіне, тоқсан сайынғы салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси өзгерістерге байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

588.61 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға