ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды.
Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Монетаның бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz