1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан бойынша болжамды позитивті деңгейге көтерді

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменді кредит рейтингіне қатысты болжамын «тұрақтыдан» «позитивке» көтеріп, елдің рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.

Оң болжам ел экономикасын ырықтандыру мен әртараптандыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және бюджет тапшылығын азайтуға бағытталған шаралардың оң динамикасын көрсетеді. Сонымен қатар, агенттік сыртқы қарыздың қалыпты деңгейін және халықаралық резервтердің тұрақты деңгейін атап өтеді.

Болжамның оң болғанын анықтайтын факторлардың ішінде S&P ақша-несие саясаты негізінің нығаюын, Ұлттық Банктің инфляцияның өсуіне әрекетін және квазифискалдық операциялар көлемінің қысқаруын атап өтеді.

Сарапшылар банк секторының геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге төзімді, капитал резервінің жеткілікті, өтімділіктің тұрақты екеніне де тоқталды. Бұл ретте макропруденциалдық шараларды күшейту аясында тұтыну кредиттері төмендейді деген болжам бар.

S&P пікірінше, Ұлттық инфрақұрылым жоспарын одан әрі іске асыру экономиканы кезең-кезеңмен әртараптандыруға және шикізаттық емес кірістердің өсуіне ықпал етеді. ЖІӨ-нің нақты өсімі 2025 жылы 5,5% деңгейінде болып, 2026-2028 жылдары 4%-ға дейін біртіндеп баяулайды.

2025 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қабылдауды қоса алғанда, институционалдық және құрылымдық реформаларды іске асыру, сондай-ақ бюджет қағидаларын қатаңдату фискалдық шоғырландыруға ықпал етіп, Қазақстанның өтімді активтерінің айтарлықтай қорын сақтауға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон мына төлефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға