Салалық шолу: саудада дайын өнімге сұраныс пен өндіріс көлемі артып келеді
2025 жылғы II тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша (салалық конъюнктуралық шолу) ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі
2025 жылғы II тоқсанда барлық салада дайын өнімге сұраныс бәсеңдеді. Көптеген саланың кәсіпорындары дайын өнімге сұраныс 2025 жылдың III тоқсанында артады деп күтеді.
Көп салада дайын өнім бағасы бәсеңдеп келеді. Сонымен бірге, шикізат пен материалдар бағасы өсіп отыр. Сауалнамаға сәйкес, 2025 жылдың III тоқсанында шикізат пен материалдар, сондай-ақ дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулайды деп күтілуде.
Көптеген салада өндіріс көлемі бәсеңдеп келеді. Алайда, 2025 жылғы III тоқсанда көп салада өндіріс көлемі ұлғаяды деп күтілуде.
Сауда, көлік және қоймада сақтаудан басқа барлық салада сату рентабельділігі артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібі – ең табысты сала.
Сауалнамаға тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау салаларында барлығы 2,7 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz