Іскерлік белсенділік жақсарды: сауда, қызмет және өндіріс салаларында өсім бар
2025 жылғы шілдедегі іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2025 жылғы шілдеде іскерлік белсенділік 51,6 (маусымда 50,7) болып, біршама жақсарды.
Саудада, қызмет көрсету секторында және өндірісте белсенділік жақсарды. Мұнда индикаторлар тиісінше 53,0, 52,4 және 51,7 (маусымда – 51,6, 51,4 және 51,5) құрап, оң өсім көрсетті. Құрылыста және тау-кен өндіру өнеркәсібінде динамиканың жақсаруына қарамастан, іскерлік белсенділік 47,3 және 48,4 (маусымда – 45,0 және 47,8) болып, төмендеу аясында қалды.

2025 жылғы шілдеде бизнес-ахуал индексі (БАИ) болашақ жағдайларға қатысты оптимизмнің жақсаруы есебінен 11,7 болып, біршама көтерілді. Қазіргі жағдайды бағалау көрсеткішінің төмендегеніне қарамастан, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне деген сұраныстың өсу қарқыны үздіксіз баяулап келеді. Ал қызмет көрсету секторында төмендеу байқалады. Ең жоғары сұраныс – өндіріс секторында.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz