ҚҰБ экономикалық шолуының арнайы шығарылымы жарияланды
Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының арнайы шығарылымын жариялады. Онда 2025 жылғы 30 сәуірде Алматыда өткен «Жаһандық және ішкі шоктар жағдайында монетарлық саясат пен қаржы тұрақтылығы» ҚҰБ V ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы қамтылған. Конференция Ұлттық Банктің ашық ақша-кредит саясатының және қоғаммен, сарапшылармен, ғылыми қызметкерлер мен мемлекеттік органдармен диалогтың жалғасы болды.
Арнайы шығарылымда ғылыми пікірталасқа қатысушылардың, атап айтқанда Ұлттық Банк, Өзбекстан мен Әзірбайжан орталық банктері сарапшыларының, академиялық қауымдастық пен зерттеу орталықтары өкілдерінің зерттеу нәтижелері ұсынылған.
Бірінші бөлімде орталық банктер алдында тұрған монетарлық саясаттағы өңірлік сын-қатерлерге, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжан монетарлық саясатына арналған мақалалар жарияланған.
Екінші бөлім тұтынушылардың паттерні және олардың қаржылық тұрақтылықпен байланысын талдауға арналған. Мақалада тұтынушылардың мінез-құлқы мен дағдарыстардың үй шаруашылықтарына әсері туралы зерттеулердің нәтижелері баяндалған.
Үшінші бөлімде баға шоктары мен құрылымдық теңгерімсіздік жағдайында макроэкономикалық динамика мәселелері бойынша мақалалар қамтылған. Бөлімде мұнай бағасының бизнес циклдеріне әсері, мемлекеттік шығыстар мен мемлекеттік борыштың жинақталуын реттеу, бизнестің тиімділігі және бизнес ортаның экономикаға әсері туралы өзекті зерттеулер берілген.
Экономикалық шолудың арнайы шығарылымы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz