1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк ҚБТУ мен «Нархоз» университетінде білім алуға 19 грант бөледі

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары аясында грант негізінде оқуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

2025 жылы мынадай гранттар қарастырылған:

  • «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджмент», «Макроталдау және болжау» – 5 грант;
  • «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» – 14 грант.

Бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне білікті мамандарды даярлау.

Маман даярлау мына мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: қаржы, экономика, қаржы технологиялары, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау.

Оқу 2025 жылдың қазан айында басталып, 2 академиялық жылға созылады. Оқуға түсу үшін университеттер мен Ұлттық Банктің талаптарына және критерийлеріне сәйкес 11-29 тамыз аралығында – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ базасында және 4-6 қыркүйек аралығында – «Нархоз университеті» КЕАҚ базасында өткізілетін конкурстық іріктеуден өту қажет.

Оқуды аяқтап, әңгімелесуден сәтті өткен жағдайда, Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

Бағдарламалардың мазмұнымен және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен «Нархоз университеті» КЕАҚ пен «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ ресми сайттарында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

563.71 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға