ҚҰБ-тың экономикалық шолуы: зейнетақы жүйесі, құбылмалы мұнай бағасының әсері, қолма-қол ақша
Ұлттық Банк «ҚР Банкінің экономикалық шолуы» басылымының жаңа шығарылымын жариялады. Оған ҚРҰБ талдаушыларының Қазақстанның зейнетақы жүйесі, мұнай бағасының макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері және цифрландыру жағдайында қолма-қол ақшаны пайдаланудағы үрдістер туралы мақалалары енгізіліп отыр.
Мақаланың бірі Қазақстанның зейнетақы жүйесін жан-жақты талдау нәтижелеріне, оның ішінде оның қалыптасу мен даму кезеңдеріне арналды. Зерттеуде заңнамалық өзгерістер мен реформаларды қарау, ҚР зейнетақы жүйесін халықаралық бағалау және одан әрі дамытудың ықтимал перспективалары қамтылады.
ҚРҰБ талдаушылары мұнай бағасындағы өзгерістің Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсері туралы жұмысты да ұсынды. Авторлар векторлық авторегрессия моделінің көмегімен мұнайға қатысты күтпеген өзгерістер іске асырылған кезде макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасын зерттеді.
Шығарылымға цифрландыру жағдайында Қазақстанда және әлемде қолма-қол ақшаны пайдалану динамикасына арналған мақала енгізілді. Шолуда қолма-қол ақшаның қолданысын сипаттайтын статистика қаралады, ол технологиялық өзгерістерге қарамастан, қолма-қол ақшаның есеп айырысу құралы ретінде маңыздылығы сақталып отырғанын көрсетеді.
Экономикалық шолумен Ұлттық Банктің интернет-ресурсында танысуға болады: https://nationalbank.kz/kz/news/ekonomicheskoe-obozrenie/rubrics/2344.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz