1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстандағы инфляция: қай өңірлерде баға өсімі жеделдеді

Мамыр айында елде жылдық инфляция жеделдеп, 11,3% болды (сәуірде – 10,7%). Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеді, 3 өңірде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды.

Жылдық инфляцияның 13,0%-дық ең жоғары мәні Алматы қаласында тіркелді.

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 9,6%-ға дейін жеделдеді (сәуірде – 8,5%). Осы топқа жататын тауарлар бағасы Ақмола облысында (11,4%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (8,0%) төмен өсім көрсетті.

Мамырда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі жылдық мәнде 9,0%-ға жетті (сәуірде – 8,9%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,4%) тіркелді.

Мамырда ақылы қызметтердің бағасы жылдық мәнде 16,0%-ға дейін өсті (сәуірде – 15,7%). Сонымен қатар Алматы қаласында (22,5%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Алматы облысында (11,3%) айтарлықтай төмен өсім тіркелді.

Мамырда айлық инфляция елде 0,9%-ға өсті.

Толық ақпарат Ұлттық Банктің интернет-ресурсында.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға