Ақша-кредит саясаты туралы баяндама: ҚҰБ 2027 жылға дейін жаңартылған макроболжамын ұсынды
Ұлттық Банк «Мамыр 2025. Ақша-кредит саясаты туралы баяндаманы» жариялады. Баяндамада 2027 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму динамикасы мен болжамның алғышарттары ұсынылып отыр.
Баяндама төлем балансының ағымдағы шотына болжам, қазіргі макроэкономикалық жағдай, ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы ахуал бойынша деректерді де қамтиды.
Сонымен қатар, баяндамаға экономиканың ұзақмерзімді өсуіне (әлеуетті деңгейден нақты ЖІӨ деңгейінің пайыздық ауытқуын білдіретін) өндірістік алшақтық пен мемлекеттік шығыстардың әсері секілді тақырыптарға арналған бокстар енгізілген. Сондай-ақ, халықтың жинақтарына және тұрғын үй бағасына ақша-кредит саясатының ықпалы, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің динамикасы мен инфрақұрылымының тозуынна қатысты талдау да қамтылған.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz