Мамыр айындағы іскерлік белсенділік: өндірісте, саудада және қызмет көрсету секторында өсім бар
2025 жылдың мамыр айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2025 жылғы мамырда іскерлік белсенділік 51,4 (сәуірде – 50,5) болып, айтарлықтай жақсарды.
Өндірісте, саудада және қызмет көрсету секторында белсенділік жақсара түсті, индикатор тиісінше 53,7-ге, 52,3-ке және 51,0-ге дейін (сәуірдегі 53,0, 51,2 және 50,1-ден) ұлғайды. Құрылыста және тау-кен өндіру өнеркәсібінде де жақсару үрдісі байқалды, алайда индикаторлар 49,8 және 49,1 (сәуірде – 48,8 және 48,2) болып, теріс аймақта қалды. Өндіріс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде – өндіріс көлемі, саудада – тауарлы-материалдық қорлар көлемі артты.

Бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2025 жылдың мамыр айында 14,5 деңгейінде қалыптасты. Бұл көрсеткіштің өсуі – бизнес жүргізудің қазіргі жағдайына берілген бағалардың жақсаруы мен келешек жағдайларға қатысты оптимизмнің артуымен байланысты. Нәтижесінде бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне сұраныс артқанымен, өсу қарқыны сәуірмен салыстырғанда бәсеңдеген. Ең жоғары сұраныс өндірісте байқалып отыр.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz