1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сауалнама нәтижесі: экономиканың көптеген саласында дайын өнімге сұраныс пен баға өсіп келеді

2025 жылғы I тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама (салалық конъюнктуралық шолу) нәтижесі жөнінде ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

2025 жылғы I тоқсанда тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібін есепке алмағанда, барлық салада дайын өнімге сұраныс артты. Кәсіпорындардың болжамы бойынша, 2025 жылдың II тоқсанында құрылыстан басқа барлық салада дайын өнімге сұраныс артады деп күтіледі.

2025 жылғы І тоқсанда дайын өнім бағасының өсу қарқыны өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында жеделдегені байқалды. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны да үдеп, ал құрылыс саласында өндіріс көлемі ұлғайды.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, 2025 жылдың II тоқсанында кәсіпорындар шикізат пен материал, сондай-ақ дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулайды деп күтеді. Бұл үрдіс кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймада сақтау, сауда мен ауыл шаруашылығы салаларына тән. Сонымен қатар, болжам бойынша құрылыс пен кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, барлық салада өндіріс көлемі ұлғаяды деп күтіледі.

Сату рентабельділігі саудада өсті. Көлік және қоймада сақтау – ең тиімді салаға айналып отыр.

Сауалнамаға барлығы 2,7 мыңнан астам тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау кәсіпорындары қатысты.

Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға