ІБИ: іскерлік белсенділік біршама жақсарды
2025 жылдың сәуір айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2025 жылғы сәуірде іскерлік белсенділік 50,5 болып, біршама жақсарды.
Өндіріс пен саудада белсенділік сақталғаны байқалды, онда индекс тиісінше 52,9 және 51,1 (наурызда – 54,0 және 51,1) болып, оң аймақта қалды. Қызмет көрсету секторында динамика жақсарған, бірақ индикатор 49,9 (наурызда – 48,9) болып, теріс аймақта қалды. Дегенмен, құрылыста динамика нашарлап, индекс наурыздағы 49,7-ден 48,7-ге дейін төмендеді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш атарлықтай өзгерген жоқ – 48,5 (наурызда – 48,6). Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде жаңа тапсырыс көлемінің төмендегені байқалады.

2025 жылғы сәуірде бизнес жүргізудің қазіргі жағдайын бағалау көрсеткіші 4,2-ге дейін жақсарғандықтан, бизнес-ахуал индексі (БАИ) 13,6 болып, жоғарылады. Болашақ жағдайларға қатысты оптимизм наурыз айындағыдай жоғары күйінде қалды. Осылайша, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында тұр.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне деген сұраныс барлық секторда жоғарылады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде ғана сұраныстың өсу қарқыны баяулаған. Ең жоғары сұраныс өндіріс пен саудада байқалды. Ал, бизнес-ахуал факторларын бағалау көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz