ҚҰБ зерттеу гранттарын ұсынатын конкурстың қорытындысын шығарды
Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу гранттарын ұсыну үшін ізденушілер арасында өткен конкурстық іріктеу жұмысының нәтижесі шыққанын хабарлайды.
«Монета-ақша айналысын ынталандыру. Тиімді практика мен табысты стратегиялар» тақырыбына арналған ізденушілердің өтінімі 2024 жылғы 27 қараша мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында қабылданды.
Осы кезеңде 2 өтінім түсіп, талапқа сәйкестігі тексерілгеннен кейін сарапшылық бағалауға жіберілді.
Әр өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеу тақырыбына бастамашы болған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензент ретінде ғылыми дәрежесі мен зерттеу тақырыбына сай жұмыс тәжірибесі немесе ғылыми әрі талдамалық жарияланымдары бар жоғары оқу орын оқытушылары мен зерттеушілер тартылды.
Грант ұсыну жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттер мен ҚҰБ бөлімшелерінің қорытынды пікірін ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты қарай келе грант бөлмеуге шешім қабылдады.
Ұлттық Банк зерттеу гранттарына үміткерлерді іріктеуге арналған кезекті конкурсты жақын арада жария етеді.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz