1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР Ұлттық қорының 2024 жылғы қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит қорытындысы туралы  

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – ҚРҰҚ/қор) сенімгерлік басқару аясында 2024 жылғы ҚРҰҚ-тың қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит аяқталғанын хабарлайды.

Аудитті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін таңдалған «Делойт» тәуелсіз аудиторлық компаниясы жүргізді.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес, ҚРҰҚ-тың қаржылық есептілігі қордың есепті кезеңдегі қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелерін және қаражат қозғалысын нақты көрсетеді, сондай-ақ ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына негізделген қордың есеп саясатына толық сәйкес келеді.

ҚРҰҚ-тың 2024 жылғы қаржылық есептілігінде негізгі көрсеткіштер былай қалыптасты: таза активтер 34,7 трлн теңгеден асты, нысаналы талаптар бойынша міндеттемелер («Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша) 349,1 млрд теңгені құрады. ҚР Қаржы министрлігінен түскен түсімдер 3,8 трлн теңге болды. Сонымен қатар республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер түрінде 5,6 трлн теңге қаражат алынды.

ҚРҰҚ-тың қаржылық есептілігінде 2024 жылғы желтоқсанда ҚҰБ хабарлаған, ҚР Үкіметі, Ұлттық Банк және Стати тараптары арасындағы сот дауларын реттеу нәтижелері де көрсетілген. Бұған дейін айтылғандай, қол жеткізілген келісімнің нәтижесінде Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған ҚРҰҚ активтері ҚҰБ басқаруына қайтарылды. Бұл қордың қаржылық көрсеткіштері мен ұзақмерзімді кірістілігін жақсарту үшін қосымша жағдай жасауға ықпал етеді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға