1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

AQ TUŃǴIYQ коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2025 жылғы 17 сәуірде ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан AQ TUŃǴIYQ коллекциялық монеталары сатуға шығарыла бастайтынын хабарлайды.

Монеталар:

- 3D технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 100  грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 500  (бес жүз) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға