1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2025 жылғы 15 сәуірден бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары сатылатынын хабарлайды.

Монеталар:

  • алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы – 777,5 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 5 000 теңгелік, таралымы – 100 (жүз) дана;

Номиналы 5 000 теңгелік монетаның бейнесі

  • алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы – 311 грамм, диаметрі – 75 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;

Номиналы 2 000 теңгелік монетаның бейнесі

  • алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі

  • МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 (сегіз мың) дана.

Номиналы 200 теңгелік монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға