1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Электрондық ақшамен жасалатын төлемдер бір жылда 30%-дай өсім көрсетті

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 133 төлем ұйымы тіркелді.

Соңғы 5 жылда (2020-2024 жж.) төлем ұйымдарының сервисі арқылы жүргізілген операциялар көлемі 4 есе ұлғайып, 2024 жылы 8,2 трлн теңге (2023 жылы – 8 трлн теңге) болды. Осы көлемнің 70%-дан астамы – 17 төлем ұйымына тиесілі.

2024 жылы ең көп сұранысқа ие болған төлем қызметтері – клиенттер бастамашы болған электрондық формадағы (мобильдік құрылғылар мен интернет-ресурстардың көмегімен) төлемдерді өңдеу операциялары болды: төлем ұйымдары 5,6 трлн теңгеге 543 млн операция жүргізді (2023 жылмен салыстырғанда 14,2%-ға өсті).

Банктік шот ашпай-ақ төлем жасау үшін қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша көрсетілетін төлем қызметтері аясында 2024 жылы 1,7 трлн теңгеге 148 млн операция жүргізілді (2023 жылмен салыстырғанда 24,3%-ға төмендеді).

Төлем ұйымдары электрондық ақшаны пайдалана отырып төлем қабылдау мен өңдеу операциялары бойынша 0,8 трлн теңгеге 223 млн операция жүргізді (2023 жылмен салыстырғанда 29,9%-ға өсті).

Төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының аумағына қарай былай бөліп қарауға болады: 123 ұйым – Алматыда, одан кейін Астанада – 6 ұйым, Қарағандыда – 2 ұйым, тиісінше Қонаев пен Рудныйда – 1 ұйымнан.

Ұлттық Банк 2024 жылы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру аясында:  

– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздерге сай (дәйексіз мәлімет ұсыну, заңнама талаптарын ұдайы бұзу, төлем қызметін көрсету бойынша қызметті жүзеге асырмау және т.б.) 21 төлем ұйымын төлем ұйымдарының реестірінен шығарды;

– төлем ұйымдарына қатысты (есептілік нысандарын уақтылы ұсынбау, бұрыс есептілік мәліметтерін ұсыну) 52 қадағалау ықпал ету шарасы қолданылды. Қабылданған ықпал ету шаралары туралы ақпарат Ұлттық Банктің интернет-ресурсында орналастырылған;

барып тексеру қорытындысы бойынша 3 төлем ұйымына қатысты 199 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (сот 34,3 млн теңгеге айыппұл салды) (қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу) жасалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға