1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу қорытындысы туралы

ҚР Ұлттық Банкі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін білдіру үшін Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін (бұдан әрі – бірлестіктер) аккредиттеу аяқталды.

Аккредиттеуден өту үшін бірлестіктерден барлығы 2 өтінім түсті.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес, қатысуға өтінім берген бірлестіктерді аккредиттеуден бас тартылды.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға