Ұлттық Банк төлем жүйелері мен көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жаңартты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында жаңартылған Төлем жүйелерінің тізілімін жариялады.
Тізілімде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 15 төлем жүйесі туралы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат қамтылды. 2024 жылы тізілімнен Қазақстан Республикасының аумағында жұмысын тоқтатқан 4 төлем жүйесі (CONTACT, FASTER, ЮНИСТРИМ және Ria Money Transfer) алынды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша маңызды төлем жүйелерінің өлшемшартына сәйкес төлем жүйелерін бөлу сақталды.
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі – жүйелік маңызы бар төлем жүйесі. Осы төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына және Қазақстан Республикасының валюта нарығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері бойынша төлемдер мен ақша аударымдары, сондай-ақ мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу мақсатындағы төлемдер мен ақша аударымдары жүргізіледі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша маңызды төлем жүйелеріне:
- ұлттық валютадағы жеке төлемдердің (төлем карталарын қоспағанда) 30%-дан көбі жүргізілетін Банкаралық клиринг жүйесі;
- VISA карталық төлем жүйесі;
- жеке тұлғалардың Қазақстан бойынша, шетелге және шетелден аударымдары жүргізілетін «Золотая корона» халықаралық ақша аударымдары жүйесі жатады.
Қалған 11 төлем жүйесі өзге де төлем жүйелеріне жатқызылды.
Маңызды төлем қызметтерін жеткізушілерді айқындау жөнінде 2024 жылдың қорытындысына сай жасалған талдауға сәйкес, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ және «Ситибанк Қазақстан» АҚ төлем қызметтерін маңызды беруші мәртебесін сақтап қалды.
- «Kaspi Bank» АҚ төлем карталарын шығару және төлем карталарын пайдалану арқылы операцияларды өңдеу бойынша, сондай-ақ электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші позициясын сақтап қалды.
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ:
- ақша аударымдары жүйелері арқылы ақша аудару бойынша
- электрондық ақша шығару мен өтеу және жыл бойы электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша сегменттерде көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші ретінде жетекші орынға ие болды.
- «Ситибанк Қазақстан» АҚ банктер арасында ашылған тікелей корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру бойынша жетекші беруші ретінде қала береді.
Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімі Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz