Ақша-кредит саясаты туралы баяндама: ҚҰБ базалық мөлшерлеме траекториясына бағалау мен макроэкономикалық сценарий ұсынды
Ұлттық Банк «Ақпан 2025. Ақша-кредит саясаты туралы баяндаманы» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары, 2027 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарий бойынша макроэкономикалық даму серпіні ұсынылған.
Құжатта Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме траекториясына ортамерзімді кезеңге арналған бағалауы, төлем балансының ағымдағы шотының болжамы, ағымдағы макроэкономикалық жағдай және ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы ахуал бойынша деректер де қамтылған.
Бұдан бөлек, баяндамада ҚҚС мөлшерлемесі ұлғаюының инфляцияға әсері туралы халықаралық тәжірибе, еңбек нарығы тарапынан инфляциялық қысым көрсеткіштерін бағалау, сондай-ақ халықтың жинақтау әдеттері туралы сауалнама нәтижесі секілді тақырыптарға арнайы бокстар бар.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында бар.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz