1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ экономикалық шолуы: инфляциялық күтулерге тән факторлар, сақтандыру, әлеуметтік капитал, қолма-қол ақша  

Ұлттық Банк  «ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының жаңа шығарылымын жариялады. Онда инфляциялық күтулерге тән факторлар, табиғи апаттардан сақтандыру ісін енгізу тәжірибесі, әлеуметтік капитал, Қазақстанда төлем түрлерін таңдаудағы өзгерістер, қолма-қол банкноталардың төзімділігін сипаттайтын техникалық параметрлер туралы ҚРҰБ талдаушыларының мақалалары қамтылып отыр.

ҚҰБ зерттеушілері Қазақстандағы халықтың инфляциялық күтулерін айқындайтын факторларды зерделеуге бағытталған жұмысын ұсынды. Авторлар Қазақстанда күтілетін инфляцияны қалыптастырушы бірқатар факторды және бағаның өзгеруіне қатысты халықтың көңіл-күйіне әсер ететін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізімін анықтады.

Шығарылымға табиғи апаттардан туындайтын апаттық жағдайлардан сақтандыру қорын құру тәжірибесі мен оны отандық сақтандыру нарығына бейімдеу мүмкіндігі қарастырылған мақала енгізілді.

Басылымда әлеуметтік капиталға және оның экономикалық тұрғыда сапалы өсуіне талдау ұсынылған. Автор халықаралық тәжірибені, Қазақстандағы әлеуметтік капиталды дамыту перспективаларын саралап, өзекті мәселелерді көтереді.

Мақалалардың бірі экономика субъектілерінің төлем түрлерін таңдаудағы өзгерістеріне арналды. Әсіресе, автор қолма-қол ақшаны пайдаланудағы таңдау өзгерісін мұқият қарастырған.

Сонымен қатар, шығарылымда банкноталардың ластануға төзiмдiлiгiн зерттеу нәтижелерi ұсынылып отыр. Олар банкноталардың қолдану мерзiмiн ұзарту үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

Экономикалық шолу Ұлттық Банктің интернет-ресурсында қолжетімді: https://www.nationalbank.kz/kz/news/ekonomicheskoe-obozrenie/rubrics/2217.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға