1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда Ұлттық Банктің сараптамалық-талдау клубының отырысы өтеді

Шарада секторалдық ККБ енгізу және ең төменгі резервтік талаптар құралының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады

13 наурызда Алматы қаласындағы Narxoz University алаңында Қазақстан Ұлттық Банкінің сараптамалық-талдау пікірталас клубының отырысы өтеді.

Шараға сараптамалық және академиялық қауымдастықтардың, екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері шақырылды.

Пікірталас клубының отырысы барысында капиталдың секторлық контрциклді буферін қалыптастыру және жұмыс істеу тәсілдері ұсынылады. Сонымен қатар ең төменгі резервтік талаптар құралының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға