1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамының айырмашылығына шек қою туралы

Шетел валютасын сатып алу және сату бағамы арасында белгіленген ауытқу шегіне қатысты ҚҰБ қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Арман Әдибаев түсіндіріп берді.

Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Басқарма қаулысын қабылдады. Қаулы 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.

Құжатта банктік және банктік емес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілген мәндері бекітіліп отыр. Ол шектер (спредтер) АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге.

Айта кететін жайт, бұл шара азаматтарды қорғауға және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық жағдайында айырбастау пункттерінде спекулятивтік операцияларға жол бермеуге бағытталған.

Банктік және банктік емес айырбастау пункттері шетел валютасын сатып алу және сату бағамы арасындағы ауытқу шегін сақтамаған жағдайда Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай тиісті шара қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына шағыммен жүгінуге ұсыныс білдіреді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға