S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменді рейтингін растады
Осы жылдың 21 ақпанында S&P рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам – «тұрақты».
Агенттік ЖІӨ құрылымында мұнайға жатпайтын сектордағы өсімнің оң әсерін, фискалдық тұрақтылықты, сыртқы резервтердегі көлемнің ауқымдылығын және сыртқы қарыздың көлемі қалыпты екенін атап өтті.
Агенттіктің болжамы бойынша, мұнай өндірісіндегі өсім, сол секілді экономиканы ынталандыру мен әртараптандыруға жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, әлеуметтік қамсыздандыру экономиканың 2025 жылы 4,9% және 2026 жылы 3,4% деңгейінде өсуіне ықпал ететін болады.
S&P пікірінше, инфляцияны тежеу және экономиканы қолдау бағдарламаларына қатысуды азайту бойынша Ұлттық Банк қабылдаған шаралар ақша-кредит саясатының тиімділігін біртіндеп арттыруға сеп болады.
Сарапшылар 2024 жылдың аяғында инфляцияның мәні 8,6%-ға дейін төмендегеніне назар аударады. Депозиттерді долларландыру деңгейі мен ұлттық валюта бағамы одан әрі тұрақталады деп күтілуде.
ЖІӨ құрылымында мұнайға жатпайтын сектордың өсуін жеделдету және фискалдық шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі реформаларды табысты іске асырған жағдайда елдің кредиттік рейтингін арттыру мүмкін болмақ.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz