1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Салалық шолу: тау-кен өнеркәсібі мен құрылыста дайын өнімге сұраныс артып келеді

2024 жылғы IV тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама (салалық конъюнктуралық шолу) нәтижесі бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

2024 жылғы IV тоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста дайын өнімге сұраныс артты. 2025 жылғы I тоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, кәсіпорындар дайын өнімге сұраныс ұлғаяды деп күтеді.

Сатылым рентабельділігі көлікте және қоймада сақтауда, сауда мен ауыл шаруашылығында ұлғайды. Осылайша, тау-кен өндіру өнеркәсібі, әдеттегідей, табысты салаға айналып отыр. 

Барлық салада шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдеді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімін қоспағанда, дайын өнімнің бағасы да өсті. Алайда, ауылшаруашылық өнімдерін қоспағанда, 2025 жылдың I тоқсанында оның барлық салада өсімі бәсеңдейді деп күтіледі.

Өндіріс көлемі өңдеу өнеркәсібі мен сауда-саттықты қоспағанда, барлық салада өсті. 2025 жылдың І тоқсанында ауыл шаруашылығын есепке алмағанда, барлық салада өндіріс көлемі ұлғая түседі.

Сауалнамаға тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау салаларында барлығы 2,7 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.  

Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға