1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі халықтың инфляциялық күту медианасын есептеуде жаңа диапазонға көшеді

ҚҰБ халықтың бес жылдық инфляциялық күтулерін де жариялауға кіріседі

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2025 жылғы қаңтардан бастап инфляциялық күтулерді есептеуде жаңа әдіснамаға көшкенін хабарлайды. Бұрын медианалық инфляциялық күтулерді есептеу үшін ауқымды статистикалық интервалдар қолданылған еді. Алайда, халықаралық тәжірибе мен ҚҰБ жүргізген зерттеу интервалдың оптималды арасы серпінді екенін көрсетті.

Жаңа интервалдар 2-ден 4 п.т. дейінгі аралықта өзгереді. Олар инфляциялық күту деңгейі жоғарылаған сайын кеңейеді, яғни респонденттің күтуі неғұрлым жоғары болса, интервал соғұрлым кең болады және керісінше. Бұл күтулердің таралу жолын дәлірек көрсетуге және статистикалық шуды азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жылдық инфляциялық күтулермен қатар, ҚҰБ бес жылдық инфляциялық күтулерді де жариялай бастайды. Бұл халықтың инфляциялық көңіл-күйінің ұзақмерзімді тенденциясы мен тұрақтылығын талдауға мүмкіндік береді.

Бағалау нәтижелері ҚҰБ интернет-ресурсында орналастырылған шығарылымда беріліп отыр.

Осы өзгерістерді енгізу инфляциялық күтулерді есептеу дәлдігін жақсартуға, халықтың инфляциялық күтулері туралы деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Келешекте бұл ақша-кредит саясатында шешім қабылдап, талдау үшін анағұрлым толық әрі өзекті деректерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға