Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.
Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2025 жылғы 24 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде hq@nationalbank.kz электрондық пошта мекенжайына қабылданады (хабарламаның тақырыбында «аккредиттеуге қатысу үшін өтінім» жазбасын көрсету).