1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда Ұлттық Банктің талдаушы-сарапшылар клубының отырысы өтеді

Іс-шарада макропруденциялық саясат пен Қазақстанның сыртқы секторындағы тұрақтылықты зерттеу нәтижелері таныстырылады

21 қаңтарда Алматы қаласындағы Нархоз Университетінде Қазақстан Ұлттық Банкінің талдаушы-сарапшылар пікірталасы клубының отырысы өтеді.

Іс-шараға сарапшылық және академиялық қоғамдастықтың, екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің өкілдері шақырылды.

Пікірсайыс клубының отырысы барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің макропруденциалдық саясатты қалыптастыруға, іске асыруға және коммуникацияға көзқарасы мен тәсілдері, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы секторындағы тұрақтылық саласындағы зерттеу нәтижелері таныстырылады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға