Валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну мәселелері бойынша қаулы жобасына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚҰБ Басқармасы қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.
Жобада уәкілетті банктердің клиенттердің жүргізілген валюталық операциялары бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін қысқартуға бағытталған түзетулер көзделген.
Банктердің есептілікті ұсыну мерзімдері нарықтағы жағдай туралы мәліметтерді уақтылы алу, оны талдау және қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдау мақсатында қысқартылады.
Сонымен қатар Жобада осындай операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютада өтімділікті алу көздерін растау тұрғысынан бейрезиденттердің конверсиялық операцияларына күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізу көзделген.
Бұл түзету шетел валютасына алыпсатарлық сұранысты болдырмау, сондай-ақ бейрезиденттердің қатысуымен түрлі схемаларды қолдана отырып, конверсиялық операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын айналып өтпеу мақсатында әзірленді.
Бұл ретте резиденттерге тауарларды сату (қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау), теңгеге қаржы активтерін сату, Қазақстан Республикасындағы қызметтен дивидендтер алу сияқты экономикалық негізделген көздерден алынған теңгеге шетел валютасын конвертациялау бойынша бейрезиденттердің операциялары стандартты режимде жүргізілетін болады.
Жобаның толық мәтіні Ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15400952.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz