1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Макросауалнама: 2027 жылға дейінгі негізгі экономикалық индикаторлардың жаңа бағалаулары

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады.

Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы – сауалнаманың негізгі параметрі болды.

Осы жылдың қаңтар айында 2025 жылға арналған мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары жаңартылған. Медианалық күтулерге сәйкес 2025 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы барр. үшін 75,0 АҚШ долл. деңгейінде қалыптасады (бұған дейін – 76,5 АҚШ долл.). 2026 жылға болжам баррель үшін 74,0 АҚШ доллар деңгейінде сақталған. 2027 жылға күтулер 75,0 АҚШ доллар деңгейінде қалыптасты.

Қазақстанның 2025 және 2026 жылдарға арналған экономикалық өсу болжамдары өзгеріссіз қалып, тиісінше 4,7% және 4,5% құрайды. 2027 жылы сарапшылардың күтуі бойынша экономикалық өсу қарқыны 4,5% деңгейінде сақталады.

Сарапшылар инфляция болжамдарын 2025 жылға — 6,9%-тен 7,5%-ке дейін, ал 2026 жылға — 6,0%-тен 6,5%-ке дейін көтерді. 2027 жылы инфляция 5,6% деңгейінде бағаланады.

Инфляцияға қатысты бағалаулардың өзгеруіне сәйкес базалық мөлшерлеме бойынша күтулер де қайта қаралды. 2025 жылға арналған болжамдардың медианалық мәндері 12,5%-тен 14,7%-ке дейін, 2026 жылға — 10,3%-тен 11,8%-ке дейін түзетілді. 2027 жылға базалық мөлшерлеме 10,5% деңгейінде болжанады.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.

Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банк болжамдары кірмейтінін атап өткен жөн. Онда нарықтағы кәсіби қатысушылардың ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың дамуы жайында тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолу жасалған.

Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға