ІБИ: іскерлік белсенділік баяулады, бірақ өсу жағында қалды
2024 жылдың желтоқсан айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2024 жылғы желтоқсанда іскерлік белсенділік баяулады, бірақ көрсеткіш 50,7 құрап, былтырғы ақпан айынан бері оң аймақта тұр.
Индекс өндіріс пен қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік тиісінше 50,6-ға және 50,8-ге дейін (қарашадағы 53,0-ден және 51,4-тен) бәсеңдеуіне және тау-кен өндіру өнеркәсібінде 48,8-ге (қарашадағы 50,2-ден) дейін түсуіне байланысты төмендеді. Көрсеткіш құрылыста ғана өсті, мұнда индекс қарашадағы 50,5-тен желтоқсанда 52,9-ға дейін көтерілді. Құрылыста жаңа тапсырыс пен еңбекпен қамту деңгейі біршама жоғарылап, тау-кен өндіру өнеркәсібінде барлық компонент төмендеді.

2024 жылғы желтоқсанда бизнес-ахуал индексі (БАИ) де төмендеді. Бизнес жүргізудің қазіргі жағдайын бағалау көрсеткіші нашарлады, бірақ баға оң мәнге ие болып қалды. Болашақ бизнес-жағдайларға қатысты оптимизм өзгеріссіз қалды. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсуі аймағында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметіне сұраныс бәсеңдеді. Желтоқсанда сұраныстың өсу қарқыны құрылыстан басқа барлық секторда төмендеді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өткен аймен салыстырғанда сұраныс біршама төмендегені байқалады. Респонденттер инфрақұрылымда айтарлықтай оң өзгеріс барын атады, ал қалған факторлар (бизнесті қорғау мәселесі, салық жүктемесі және қаржыға/кредитке қолжетімділік) теріс бағаланды.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz