1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк сарапшылары болжам жасауда машинаны оқыту әдістерін қолдануды зерттеді

Ұлттық Банк «Инфляцияны селективті-аралас болжау жүйесі (SSCIF)» экономикалық зерттеуін жариялады.

Зерттеудің негізгі мақсаты – дәстүрлі эконометрикалық тәсілдермен машиналық оқыту әдістерін интеграциялау арқылы инфляция болжамдарының дәлдігін арттыру. Бұл әдіс инфляцияға барынша нақты және сенімді болжам жасау үшін макроэкономикалық факторларды кеңінен есепке алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтындағы «Зерттеулер» – «Ұлттық Банктің экономикалық зерттеулері» бөлімінен оқуға болады.

Толық ақпарат Ұлттық Банктің интернет-ресурсында.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға