1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ экономикалық шолуы: банк секторы капиталының жеткіліктілігі, компаниялардың қаржылық орнықтылығы, инвестициялық белсенділікті талдау, «жасыл» кредиттеу

Ұлттық Банк «ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының жаңа шығарылымын жариялады. Оған Қазақстан банк секторының капиталын бағалау, компаниялар орнықтылығының сипаттамалары, Қазақстандағы және көрші елдердегі инвестициялық белсенділік, ESG және «жасыл» кредиттеу саласындағы трендтер туралы мақалалар кірді.

ҚҰБ зерттеушілері әртараптандыру әсерін ескере отырып, банк жүйесінің несие портфелінің кредиттік тәуекелін өлшеу әдіснамасы қаралатын жұмысты ұсынды. Бұл талдамалық тәсіл кредиттік тәуекелді өтеу үшін банк жүйесі мен жекелеген банктер капиталының жеткіліктілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Басқа мақалада экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайы мен олардың мөлшері, жұмыс істеу жылы, борыш деңгейі, өтімділігі, банктік қарыздың болуы және банкроттық фактісі сияқты сипаттамалары арасындағы байланыс қаралады.  

Сонымен қатар, шығарылымда Қазақстан мен көрші елдердің 2018-2022 жылдардағы инвестициялық белсенділігіне шолу және салыстырмалы талдау ұсынылған. Мақалада салалар бойынша талдауды қоса алғанда, негізгі капиталға салынған инвестициялардың деңгейі мен динамикасы салыстырылады.

Шығарылымның екі мақаласы орнықты дамуды ынталандыру және «жасыл» кредиттеу мәселелеріне арналған. Олардың бірінде ақпаратты жария етудің халықаралық стандарттары мен елдердің заңнамасы талданып, орнықты дамуды ынталандырудың әлемдік трендтері айқындалған. Екінші мақалада «жасыл» кредиттерді реттеу мәселелері, Қазақстанның қаржы нарығындағы осы сегменттің ағымдағы жағдайы және Қазақстанда «жасыл» кредиттердің дамуын тежейтін факторларды бағалау қаралды.

Экономикалық шолу Ұлттық Банктің интернет-ресурсында орналастырылған: https://nationalbank.kz/kz/news/ekonomicheskoe-obozrenie/rubrics/2217.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

555.84 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға