1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ЕАЭО-ға қатысушы елдердің орталық банктері ағымдағы экономикалық жағдайды талқылады

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің орталық банк басшылары Ереванда (Армения Республикасы) өткен Орталық (ұлттық) банктердің консультациялық кеңесі отырысына қатысты.

Консультациялық кеңес мүшелері ЕАЭО елдерінде инфляцияны қалыптастыру және экономикалық белсенділікті дамыту динамикасы мен факторларын талқылады. Ақша-кредит саясатының өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Қазақстан Ұлттық Банкі орталық банктердің құралы ретінде ең төменгі резервтік талаптар тетігін (міндетті резерв нормативтерін) ЕАЭО елдерінің пайдалану тәжірибесіне шолу жасады. Оларды әртүрлі елдерде қолдану ерекшеліктері жайында пікірталас өтті.

Тараптар жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды және ипотекалық кредиттеу саласындағы үрдістерді де талқылап, ипотеканы қолдау бағдарламаларының ақша-кредит саясаты мен қаржылық тұрақтылыққа әсері туралы ойларын ортаға салды.

Орталық (ұлттық) банктер кеңесінің келесі отырысы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қырғыз Республикасында өткізу жоспарға енді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7(7172)77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға