Базалық мөлшерлеме бойынша шешім жариялау уақытын ауыстыру туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша шешім жариялау уақытын 2024 жылғы 29 қарашада Астана уақытымен 12:00-ден 10:00-ге ауыстырылғанын хабарлайды.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға түрткі болған факторларды түсіндіруге бағытталған ҚҰБ баспасөз брифингінің уақыты 29 қараша күні 12:30-дан 11:00-ге өзгертілді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерін бекітілген кестеге сәйкес жылына 8 рет қабылдайды.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz