1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда ұлттық валюта – теңге банкноталары мен монеталарының көрмесі өтіп жатыр  

Алматы қаласында JusanVibe арт-кеңістігінде ҚР Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚҰБ) теңге банкноталары мен коллекциялық және инвестициялық монеталарының көрмесі өтіп жатыр. Экспозиция ұлттық валюта – теңге күнін мерекелеуге орайластырылған.

«Ұлттық төл валюта – тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі. Ұлттық Банк өткізетін экспозицияның мақсаты – қалың аудиторияны ұлттық валюта – теңге тарихымен, «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясымен, инвестициялық және коллекциялық монеталармен таныстыру», деді көрменің ашылуында ҚҰБ Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

ҚҰБ бас дизайнері Санжар Нұрқасымов «Сақ стилі» сериясындағы банкноталардың тұжырымдамасы туралы айтып берді: «Жаңа серияның негізгі мақсаты – ұлттық валютаның қорғаныш дәрежесін арттыру, пайдалануға ыңғайлы ету және Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеу».

Көрме тұжырымдамасында екі тақырыптық экспозиция көзделген – ҚҰБ теңге банкноталары мен инвестициялық және коллекциялық монеталары.

Көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. Оған қатысқысы келетіндердің барлығы 17 қараша демалыс (жексенбі) күнін қоспағанда, 09:00-ден 18:00-ге дейін бара алады.

Көрме өтетін орын: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 36, «First Heartland Jusan Bank» АҚ ғимараты, JusanVibe арт-кеңістігі.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға