1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда ұлттық валюта – теңге банкноталары мен монеталарының көрмесі өтеді

14 қараша күні сағат 11:00-де Алматы қаласындағы JusanVibe арт-кеңістігінде ҚР Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚҰБ) теңге банкноталары мен коллекциялық және инвестициялық монеталарының көрмесі өтеді.

Экспозиция Ұлттық валюта – теңге күнін мерекелеуге орайластырылып отыр.

Көрмені өткізу орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 36, «First Heartland Jusan Bank» АҚ ғимараты, JusanVibe арт-кеңістігі.

Көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. Көрмені 17 қараша (жексенбі) демалыс күнін қоспағанда, сағат 09:00-18:00 аралығында кез келген адам тамашалай алады.

Экспозицияның негізгі мақсаты – көпшілік аудиторияны ұлттық валюта – теңге тарихымен, «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясымен, ҚҰБ инвестициялық және коллекциялық монеталарымен таныстыру.

Көрме кеңістігі екі аймақты: теңге банкноталары аймағын және ҚҰБ инвестициялық және коллекциялық монеталары аймағын қамтиды.

Банкноталар аймағында көрмеге келушілер барлық сериядағы банкноталардың үлгілерімен танысып, теңгенің қалыптасу тарихын зерттей алады. Бұдан басқа, көрмеде «Сақ стилі» сериясының айналымға шыққан банкноталары – номиналы 5 000 және 10 000 теңгелік ақшалар ұсынылады.

Екінші аймақта ең айтулы сериялардың коллекциялық монеталары іріктелген. Онда алтыннан, күмістен және бағалы емес металдардан жасалған бірегей тұжырымдамасы мен дизайны бар монеталар ұсынылады. 

Көрме экспонаттары еліміздің және оның ұлттық валютасының қалыптасуы мен даму барысына тән негізгі мәдени, саяси және тарихи кезеңдерді қамтып қана қоймай, халқымыздың салт-дәстүрін де бейнелейді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға