Іскерлік белсенділік жақсарып келеді, бірақ оның қарқыны сәл бәсеңдеді
2024 жылғы қыркүйектегі іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2024 жылғы қыркүйекте іскерлік белсенділік жақсара түсті, алайда өсу қарқыны сәл бәсеңдеді. Көрсеткіш сегізінші ай қатарынан оң аймақта қалып отыр – 51,2.
Іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ) жақсару үрдісі тау-кен өнеркәсібінен басқа барлық секторда байқалды. Онда өндіріс көлемі мен тауарлы-материалдық қорлардың азаюы есебінен индекс 48,9-ға дейін төмендеді (тамызда – 52,3). Өндірісте көрсеткіштің біршама жақсарғаны байқалды, онда жаңа тапсырыстардың, өндіріс көлемінің және жұмыспен қамту деңгейінің ұлғаюы есебінен индекс 52,4-ке дейін көтерілді (тамызда – 51,8). Қызмет көрсету секторында да біршама өсім бар – 51,6 (51,1), құрылыста көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ – 50,4 (50,5).

Бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2024 жылдың қыркүйек айында сәл төмендеді. Бизнес жүргізу ісінің қазіргі жағдайын бағалау көрсеткіші де жақсара түсті. Есесіне, келешек жағдайды бағалау деңгейі төмен болды. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында. Яғни, қазіргі және келешек бизнес-ахуал оң бағаланып отыр.
Кәсіпорындар өнімге/көрсетілетін қызметке деген сұраныстың өсу қарқыны баяулағанын атап өтті. Бұл фактор, әсіресе, тау-кен өнеркәсібі мен құрылысқа әсер етті. Респонденттер инфрақұрылымның қолжетімділігін оң бағалады, алайда, қалған факторлар бойынша (бизнесті қорғау мәселесі, салық жүктемесі және қаржының/кредиттің қолжетімділігі) теріс баға – басымдау.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz