Қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеңес макропруденциалдық саясат саласындағы тәсілдерді қарастырды
Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменовтің басшылығымен Қазақстан Республикасының қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Президент әкімшілігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚҰБ), Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), қаржы министрлігінің, ұлттық экономика министрлігінің, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылары қатысты.
Кеңес отырысында макропруденциялық саясат саласындағы ҚҰБ пен Агенттіктің өкілеттіктерін бөлу тәсілдері талқыланды. Бұл ретте ХВҚ-ның Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) аясында берген ұсынымдары ескерілді. Аталған ұсынымдарға сәйкес, жүйелі тәуекелдерге тиімді әсер ету құралдарын макропруденциялық орган тікелей бақылауға алуға тиіс.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелері мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы бойынша ақша-кредит және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздіктерді жою үшін атқарылуы керек шараларды талқылады. Нәтижесінде бұл мәселені Экономикалық саясат кеңесінде қарау ұсынылды.
Кеңес қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылау бойынша қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін өз жұмысын әрі қарай жалғастырады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz