Депозиттік аукцион бойынша есеп айырысу форматын өзгерту туралы
Ақша-кредит саясаты құралдарын жетілдіру жұмысын жалғастыру аясында, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің ұсыныстарын ескере отырып, Ұлттық Банк депозиттік аукциондар бойынша есеп айырысу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
2024 жылғы 1 қазаннан бастап осы операциялар бойынша есеп айырысу қазіргі T+2 форматының орнына T+0 қағидаты бойынша жүргізілетін болады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz