Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді
Ұлттық Банктің басшылығы Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп екінші деңгейлі банктердің бірінші басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар қаржы секторының дамуы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға байланысты шараларды талқылады.
Кездесуде энергетика саласы мен коммуналдық шаруашылықтағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелері қаралды.
Іс-шараға қатысушылар екінші деңгейлі банктердің нақты экономика секторына кредит беруді кеңейту жөніндегі шараларды да талқылады. Сонымен қатар, банк туралы жаңа заңды әзірлеу тәсілдері де сарапқа салынды.
Ұлттық Банк ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын және оның құрамдас бөліктерін (банкаралық төлемдер мен аударымдар жүйесі OpenAPI, банкаралық төлем карточкалары жүйесі, Цифрлық теңге платформасы, ұлттық Антифрод-орталық) іске асыру қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz