Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 22-23 наурыз күні ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бірінші жартыжылдықта электрондық ақшамен жүргізілген операциялар 30%-ға өсті   

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан аумағында 138 төлем ұйымы тіркелген (өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті).

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында төлем ұйымдарының сервистері арқылы жүзеге асырылған айналымдар 3,8 трлн теңгені құрады (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға төмендеді).

Жекелеген төлем ұйымдарында көрсетілетін төлем қызметтері бойынша айналымдардың шоғырлануы байқалады. Мәселен, төлем нарығында жұмыс істейтін төлем ұйымдарының айтарлықтай үлесі (айналымның 74,4%-дан астамы) 15 төлем ұйымына тиесілі.  

2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялардың көлемі жағынан клиенттердің мобильді құрылғылар мен интернет желісінің көмегімен бастама жасаған операциялары бойынша ең үлкен өсім байқалды. 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта мобильді құрылғылар мен интернет желісі арқылы 2 595 млрд теңгеге 291 млн операция жүргізілді (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті).

Қолма-қол ақшаны қабылдауға байланысты операциялар бойынша төлем ұйымдары 804 млрд теңгеге 71 млн операция жүргізді.

Бұл ретте электрондық ақшамен жасалатын операциялар айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр. 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта 369,6 млрд теңгеге операциялар жүргізілді (30,6%-ға өсті).

Төлем ұйымдарының аумақтық таралуы былай қалыптасты: төлем ұйымдарының 92,0% (127 бірлік)Алматыға, 5,8% (8 бірлік)  – Астанаға, 1,4% (2 бірлік)  – Қарағандыға, 0,7% (1)  – Рудныйға және 0,7% (1)  – Қонаев қаласына тиесілі.

Анықтама үшін:

2024 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруы аясында:

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен 9 төлем ұйымы алынып тасталды (төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырмау, қызметті ерікті түрде тоқтату және төлем қызметтерін көрсетуден бас тарту). Төлем ұйымдарының тізілімін Ұлттық Банктің интернет-ресурсынан алуға болады;

- төлем ұйымдарына қатысты 39 шектеулі ықпал ету шарасы қабылданды (есептік нысандарды уақтылы ұсынбау, бұрыс есепті мәліметтерді ұсыну, көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) тәуекелдерге ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалауды жүзеге асырмау және т.б.). Қабылданған ықпал ету шаралары бойынша ақпаратты Ұлттық Банктің интернет-ресурсынан алуға болады;

- 5 төлем ұйымы есептілікті уақытылы ұсынбау, сондай-ақ төлем агенттеріне бақылауды жүзеге асырмау бөлігінде заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ақпаратты да Ұлттық Банктің интернет-ресурсынан алуға болады.  

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға