Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін сырттай бағалау қорытындылары туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) ішкі аудит қызметінің жұмысын сырттай бағалау нәтижелері шыққаны туралы хабарлайды. Бағалау 2024 жылғы 28 маусым мен 4 қыркүйек аралығында Ішкі аудиторлар институтының (The Institute of Internal Auditors) Ішкі аудит халықаралық кәсіби стандарттарының талаптарына сәйкес өтті.
Нидерланд Орталық Банкінің (De Nederlandsche Bank) тәуелсіз сарапшылары жүргізген тексеру нәтижесінде ҚҰБ ішкі аудитінің сапасы халықаралық кәсіби тәжірибенің негіздеріне және Ішкі аудиторлар халықаралық институтының Этика кодексіне сәйкес келетіні расталды.
Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы реттеуші органның ішкі аудит сапасын қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын, бұл Қазақстан Ұлттық Банкінің Стратегиясы мен мақсаттарына сәйкес сын-қатерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін көрсетеді.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz